|
19.02.2022 | 10:41
2564

Алматыдан 745 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Жерасты дүмпуі 55 километр тереңдікте болған

Алматыдан 745 шақырым қашықтықта жер сілкінді  Фото: ашық дереккөзден

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 19 ақпан күні Алматы уақытымен 9 сағат 32 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 745 шақырым қашықтықта, Тәжікстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,6, магнитудасы – 4,8. Жерасты дүмпуі 55 километр тереңдікте болған. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир