|
10.05.2022 | 12:59
3223

Оралда ер адам полиция пунктін кірпішпен ұрды

Оқиға видеосын Tik Tok қолданушысы жариялады

Оралда ер адам полиция пунктін кірпішпен ұрды стоп кадр

Оралда ер адам полиция пунктіне шабуыл жасады. Бұл үшін оған әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға видеосын Tik Tok қолданушысы жариялады. Кадрларда ер адам орталық базар аумағында орналасқан стационарлық полиция бекетінің әйнегін кірпішпен я таспен ұрады. Кейінірек оны басқа бір адам сабырға шақырып, алып кетеді.

Полиция өкілдері видеоға қатысты түсінік берді.

"9 мамырда сағат шамамен 9.30-да 1978 жылғы ер адам Нұрпейісова көшесінде мас күйде полицияның стационарлық пунктіне кірпішке ұқсас затпен зақым келтіріп, айналасындағыларға құрметсіздік көрсетті, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзды.

Құқықбұзушылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деп хабарлады БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Полиция ер адам неге мұндай әрекетке барғанын түсіндірмеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир