|
03.09.2021 | 18:16
3798

СҚО-да екі адам ыстан уланды

Олар бір-біріне туысқан болып келеді

СҚО-да екі адам ыстан уланды

Солтүстік Қазақстанда жылыту маусымы басталмай жатып екі адам пештен уланған. Өңірдің Тайынша ауданындағы Келлеровка ауылында, төтеншеліктер жер үйде ес-түссіз жатқан 63 және 90 жастағы екі ер азаматты тапқан, деп хабарлайды Almaty.tv

Олар бір-біріне туысқан болып келеді. Жедел жәрдем бригадасы келіп жеткенше қария есіне келместен жан тапсырған. Ал 63 жасар зейнеткер қазір ауруханада жатыр. Алдын ала болжам бойынша, адам өліміне көміртегі тотығына улану себеп болған. 

«Өлімнің нақты себебін сарапшылар анықтайды. Улануға пештің жапқышын ерте жауып тастағаны себеп болған деп болжап отырмыз. Жылыту маусымы басталмай тұрып, осындай  қайғылы оқиғалар орын алуда. Жалпы,  жыл басынан бері 19 адам газдан уланып, олардың 5-еуі қайтыс болса, өткен жылы дәл осы себеппен 4 адам уланып, 2 адам көз жұмған», – деді СҚО ТЖД басқарма басшысы Дмитрий Растихин.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир