|
23.04.2024 | 15:50
179

Алматы – біздің ортақ үйіміз: өнер тарландары сенбілік өткізді

Олар қаланы қоқыстан тазартып, көгалдандыру жұмысына жұмыла кірісті

Алматы – біздің ортақ үйіміз: өнер тарландары сенбілік өткізді Almaty.tv

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында «Алатау» дәстүрлі өнер театрының ұжымы сенбілік өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өнер саңлақтары қаланы қоқыстан тазартып, көгалдандыру жұмысына жұмыла кірісті. 60-қа жуық ағаш отырғызған театр өнерпаздары табиғат анамыздың қасиетін аялау өскелең ұрпаққа парыз екенін жеткізді.

– Сенбілікке ақын, жазушы, әнші, Қазақстанның халық әртістері, қоғам қайраткерлері қатысты. Олармен сұхбаттаса жүріп, әрбір отырғызған ағаш біз үшін тарихи сәтке айналады, – деді  «Алатау» дәстүрлі өнер театрының актрисасы Марал Анарбек.

– Көңіл күй өте керемет. «Алатау» дәстүрлі өнер театрының  барша ұжымы сенбілікке шықты. Алматы қаласы әкімінің бастауымен  «Алматы-біздің ортақ үйіміз»  атты үлкен науқан жүріп жатыр. Бұл науқан қаламызды таза ұстауды үйретеді деп ойлаймын. Сондықтан қаламызды таза ұстасақ. Ағаш отырғызып жатырмыз. Бұл – жетістіктің бастауы, – деді  «Алатау» дәстүрлі өнер театрының бас әкімшісі Ерсұлтан Адырбек.

Оқи отырыңыз: Үлкен Алматы өзенінің жағалауы тазартылды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир