|
21.07.2020 | 21:38
5794

Алматының Зерделі ауданындағы 179-тұрғын үйде ешқандай қауіп жоқ – Сапар Нұрашев

Бұл туралы Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев мәлімдеді

 Алматының Зерделі ауданындағы 179-тұрғын үйде ешқандай қауіп жоқ – Сапар Нұрашев Аlmaty.tv

Алматының Зерделі ықшам ауданында орналасқан №179 тұрғын үйі толық бекіту жұмысынан өткен. Енді онда өмір сүруге еш қауіп төндірмейді. Бұл туралы Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше мұндай қорытындыны Қазақ құрылыс пен сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты жасаған. Еске салсақ, бұған дейін аталған үйдің тұрғындары уақытша пәтерлерге көшірілген еді. Сондай-ақ,  қосымша тағы 6 үйді бекіту керек деген қорытынды шыққан. Олар: 160, 161, 165, 167, 168, 180 нөмірлі тұрғын үйлер.

«179-үй толық түзетіліп, ҚазҚСҒЗИ-дың берген тексеру қорытындысына байланысты жұмыстардың бәрі атқарылды. Қайта тексеріліп, үй әрі қарай пайдалануға жарамды деген бізге қорытындысын берді. Одан бөлек біз ол үй бойынша фасадтарын, подъездердің ішін, бәрін ағымдағы жұмыстарын атқарып бердік», – деді Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев.

Жалпы Зерделі ықшам ауданында 30 көпқабатты тұрғын үй бар. 2016 жылы оның алтауына осындай күшейту жұмыстары жүргізілген. Енді қалған 23 тұрғын жай тексеріліп, қажет болса бекіту жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, жауаптылар №151 үй туралы да пікір білдірді.

«151-үй біздің тізімімізде бар. Кестеміз бойынша ҚазҚСҒЗИ бұл үй бойынша қыркүйекте бізге қорытындысын беруі керек. Соның нәтижесі бойынша ары қарай шешім шығарымз. Егер бекітілуі керек десе, онда ақша бөлінгеніне байланысты  бектіу жұмыстары да жүргізіледі», – деді Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир