|
14.02.2023 | 13:45
412

Бюджеттің 71 млрд теңгесі игерілмей қалған – Қаржы министрі

Қаңтар айында мемлекеттік бюджетке 1,5 трлн теңге түскен

Бюджеттің 71 млрд теңгесі игерілмей қалған – Қаржы министрі ашық дереккөзден

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджет қаражатының неге игерілмей қалғанын түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 93,5%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 94,7%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 96,3%-ке атқарылды.

«Республикалық бюджет бойынша 1,5 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді. 84 млрд теңге жұмсалмай қалған, оның ішінде 13 млрд теңге – үнемдеу болса, 71 млрд теңге – игерілмеген», – деді Ерұлан Жамаубаев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Ең көп игерілмеу сомасы Денсаулық сақтау, Мәдениет және спорт, Экология және табиғи ресурстар, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінде байқалған.

«Игерілмеудің негізгі себептері: төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың болмауы немесе ұсынылмауы; шарттарды, қосымша келісімдер жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу; бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөнінде нормативтік құқықтық актілерді уақытылы қабылдамау; орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды, уақтылы ұсынбау; конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу», – деп түсіндірді Қаржы министрі.

Айта кетейік, қаңтар айында мемлекеттік бюджетке 1,5 трлн теңге түскен.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир