|
01.03.2024 | 14:12
1068

Алматы полициясы Орталық мемлекеттік мұражай алаңында өнер көрсетті

Іс-шара Алғыс айту күніне орайластырылған

Алматы полициясы Орталық мемлекеттік мұражай алаңында өнер көрсетті  Алматы ПД / кадр из видео/пресс-служба ДП Алматы

Алматы полициясы Орталық мемлекеттік мұражай алаңында өнер көрсетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Алматы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы полициясының қызметкерлері Алғыс айту күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық мұражайының ұйымдастыруымен өткен “Бір шаңырақтың астында” атты іс-шараға қатысты. Қалалық полиция департаменті ансамблінің солистері белгілі халықтық, патриоттық және эстрадалық шығармаларды орындады. Көрермендер өздеріне таныс әуендерді тыңдап, рахаттана ән шырқады. 

– Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының дамуы мен қалыптасу жолы туралы білім алу, еліміздің тарихына деген қызығушылық пен құрметті қалыптастыру. “Өз тарихыңды ұмытпа және мақтан тұт” – бұл мерекенің басты жолдауларының бірі және Алғыс айтудың мақсаттарының бірі – өскелең ұрпақтың бойында толеранттылық, достық пен бір-біріне деген құрмет сезімін ояту, Қазақстандағы ұлтаралық байланыс пен қарым-қатынасты нығайту, – деді, Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Ержан Ұзабаев. 

60 жыл бойы Алматы қаласы ПД шығармашылық ұжымы музыкалық және поэтикалық өнер арқылы жеке құрам арасында қызметтік және азаматтық борышқа адалдықты, өз Отанына деген сүйіспеншілікті, бөлімдерде салауатты моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруды, мықты қызметтік тәртіпті сақтауды, қызметкерлер арасында жоғары талаптарды, адамгершілік қасиеттер мен эстетикалық талғамды дамытуды насихаттап келеді.

Оқи отырыңыз: Елімізде қанша Наурыз бен Көктем тұрады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир