|
01.11.2023 | 17:59
1044

Қызыл кітапқа енген құс Қазақстанда қыстайтын болды

Қанаты жаралы аққу құтқарылды

Қызыл кітапқа енген құс Қазақстанда қыстайтын болды Сурет: elements.envato.com

"Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Бұланды орман шаруашылығының қызметкерлері Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген жаралы сұңқылдақ аққуды құтқарды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап. 

Сирек кездесетін құсты Біржан сал ауданының Макинка ауылының тұрғындары Николай Русских пен Әлия Есімова көріп қалған. Олардың сөзінше, аққу қанатынан жараланған және үйдің маңындағы шалшық суда үй құстарымен бірге жүзіп жүрген. Олар бірден «Бурабай» ұлттық паркіне хабарласып айтқан. 

- Балапан аққу екені көрініп тұр. Сол жақ қанатының қауырсыны түсіп қалған, ұша алмайды. Әлсіреген құс тобынан бөлініп, жылы жаққа кете алмай қалса керек, - деді орман шаруашылығының маманы Арман Апахов.

Жаралы құс «Бурабай даму» ЖШС хайуанаттар бағына тапсырылды. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген құс осы жерде қыстап шығып, көктемге қарай жыл құстары қайтқан кезде еркіндікке жіберіледі.

Айта кетсек, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық саябағында құстардың 197 түрі бар. Олардың 14-і Қызыл кітапқа енгізілген.

Оқи отырыңыз: Павлодарлық полицейлер заңсыз аң аулау фактісін тоқтатты

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир