Ұшақ апатынан қаза тапқан отандасымыз жер қойнына тапсырылды

Фото: Instagram.com/dr.salima.stom
Фото: Instagram.com/dr.salima.stom

Ақтық сапарға шығарып салу рәсімі облыстық мешітте өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

29 желтоқсанда Қостанайда Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан Сәлима Жутаеваны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Сәлиманы ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Аймағамбет қажы Спанұлы атындағы облыстық мешітте өтті.

"Қостанай облысының әкімдігі мезгілсіз өмірден өткен жерлесіміз Сәлима Жутаеваның туыстары, жақындарымен тұрақты байланыста. Тасымалдау, жерлеу және еске алу шараларын ұйымдастыруда барлық қажет көмек көрсетілді", - деді Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Динара Қарымсақова.

Айта кетейік, 25 желтоқсанда Embraer ERJ-190 ұшағында болған алты Қазақстан азаматының есімдері ресми түрде жарияланды. Олардың арасында Маңғыстау облысының үш тұрғыны, астаналық әйел мен оның ұлы және Қостанай облысының тумасы Сәлима Жутаева бар. Сәлима 29 жаста болған. Ол Қостанайда стоматолог болып жұмыс істеген.

Еске салайық, еше 25 желтоқсанда сағат 11.30-да Баку-Грозный бағытында ұшып бара жатқан Azerbaijan Airlines әуе компаниясының әуе кемесі Ақтау әуежайынан 3 км жерде апатқа ұшырады.  

Сағат 11.35-те келген құтқарушылар өртті сөндіруге кірісті, ал сағат 12.05-те өрт толығымен сөндірілді. Апат болған жердің жалпы ауданы 4 200 шаршы метрді құрады.

Ұшақтың бортында 67 жолаушы, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған.

Ақтау қаласының медициналық мекемелеріне 29 адам жеткізілді, оның ішінде 3 кәмелетке толмаған құтқарылды. Дәрігерлер ауруханаға жеткізілген 7 науқастың жағдайы өте ауыр екенін айтты.

Қаза тапқандардың 38 мәйіті табылды, олар медициналық сараптама орталығына жеткізілді, олардың ішінде 6 Қазақстан азаматы және 3 экипаж мүшесі бар. 10 адамның денесі анықталды. Апатқа ұшыраған ұшақта болған қазақстандықтар тірі қалмағаны белгілі болды. Кейіннен қаза болған қазақстандық азаматтардың отбасына қаржылай көмек көрсетілетіні белгілі болды.

ТЖМ Ақтау маңындағы ұшақ апаты болған жерден видео жариялады.

Оқиға салдарын жоюға Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Қорғаныс министрліктерінен, Ұлттық ұланнан, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтінен, Апаттар медицинасы орталығынан, жедел медициналық көмек бригадасынан және жергілікті атқарушы органдардан 492 адам, 102 бірлік техника, 2 әуе кемесі және 10 кинологиялық есептоп, оның ішінде Астана қаласынан барған санитарлық борт жұмылдырылды. Ұшақ апатынан зардап шеккен жолаушыларға Қанат Бозымбаев барды.

Қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды

Сондай-ақ Әзербайжаннан Ақтау қаласына келген делегация ауруханада жатқан отандастарын еліне алып кетті. Сонымен қатар маңғыстаулықтар ұшақ апатынан зардап шеккен 9 ресейлік азаматты Мәскеуге шығарып салды. Ал ұшақта болған Қырғызстан азаматтары тірі екені айтылды

Айта кетерлігі, ұшақ апаты кезінде алғашқы болып қосалқы стансасының мамандары көмек көрсеткен.

Алматылық жастар ұшақ апатынан зардап шеккендер үшін қан тапсырып, тұрғындар марқұмдардың рухына тағзым етті.

Оқи отырыңыз: Ақтауда ұшақ апатын тергеу бойынша халықаралық мамандармен алғашқы жиналыс өтті

Новости партнеров