АЭС кәсіпорындардың ілгерілеуіне оң ықпал етеді - Шухрат Шардинов.

Алматы көпір құрылымдары зауытының ұжымы бастамасын қолдайды

АЭС кәсіпорындардың ілгерілеуіне оң ықпал етеді - Шухрат Шардинов. Almaty.tv

Алматы көпір құрылымдары зауытының ұжымы Мемлекет басшысының АЭС салу жөніндегі бастамасын қолдайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мекеме қызметкерлері «АЭС ел экономикасына айтарлықтай үлес қосып, кәсіпорындардың ілгерілеуіне оң ықпал етеді» деп отыр. Сондай-ақ ел Президенті Жолдауында айтқан «Жұмысшы мамандықтары» жылын жариялау – қарапайым қызметкерлер үшін ынта мен жігер сыйлайды.

– Алматы көпір құрылымдары зауытының ұжымы АЭС салу бойынша жалпыхалықтық референдум өткізуді қолдайды. Қазақстан халқын 6 қазанда дауыс беріп, АЭС салуды қолдауын сұраймын, – деді Алматы көпір құрылымдары зауыты директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Шардинов.

– Электр энергиясын Қазақстанда өндіріп, елімізді энергиямен қамтамасыз  етуге пайдасы зор деп ойлаймын, – деді Алматы көпір құрылымдары зауыты сынау зертханасының басшысы Данияр Ибраимов.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтарға атом энергетикасы мен АЭС құрылысы туралы ақпарат қолжетімді болады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир