|
18.05.2021 | 16:35
3257

Әнші Бибігүл Төлегенова «Спутник-V» вакцинасының екі компонентін алды

Қазақ ән өнерінің бұлбұлы атанған Бибігүл Төлегенова 91 жаста

Әнші Бибігүл Төлегенова  «Спутник-V» вакцинасының екі компонентін алды

Қазақ ән өнерінің бұлбұлы атанған Бибігүл Төлегенова «Спутник-V» вакцинасының екі компонентін алды. Бұл туралы журналист Тұрсын Қалимова өзінің facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бибігүл апайдың амандығын білейін деп хабарластым. Апамыз «Спутник-V» вакцинасының екі компонентін алыпты.

«О, апай, жақсы болды. Алматыға енді барғанда жүздесетін болдық» деп едім

Алдымен вакцина салдыртшы, қызым, дейді», – деп жазады Тұрсын Қалимова.

Журналист әншінің «Халық аман болсын! Өздерін сақтасын!» деген сәлемін жеткізді.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир