|
19.11.2022 | 16:56
3766

Еңбекке жарамсыздарға және асыраушысынан айырылғандарға төленетін төлемдер көлемі артады

Қаулы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі

Еңбекке жарамсыздарға және асыраушысынан айырылғандарға төленетін төлемдер көлемі артады strategy2050.kz

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов "Мемлекеттік қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы" Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

"2023 жылдың 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2023 жылдың 1 қаңтарға дейін тағайындалған еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларында төленетін әлеуметтік төлемдер мөлшері 8,5%-ға ұлғайтылсын", - делінген қаулыда.

Қаулы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир