|
12.08.2021 | 16:25
5371

Жамбыл облысындағы жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Екі жеңіл көліктің соқтығуысынан жүргізуші мен жолаушы сол жерде тіл тартпай кетті

Жамбыл облысындағы жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Жамбыл облысында 2 адам қаза тапқан жантүршігерлік жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап, аталған факт бойынша медициналық сараптамалар тағайындады, деп хабарлайды Almaty.tv

Оқиға  Жамбыл облысына қарасты Гордиков ауылында болған. Екі жеңіл көліктің соқтығуысынан жүргізуші мен жолаушы сол жерде тіл тартпай кетті. 

«12 тамыздың түні жанармай бекетінің маңында БМВ мен Мерседес маркалы екі автакөлік соқтығысты. Жол апаты болған жерде Мерседес автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы мерт болды. Оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің 345 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды», – деді облыстық ПД тергеу басқармасы басшысының орынбасары Жәнібек Данков.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир