|
28.05.2021 | 12:15
3426

Әуезов ауданында вакцина алғандар арасында ұтыс ойыны ойнатылады

Ұтыс ойынына қатысқан кез келген тұрғын сыйлықсыз қалмайды

Әуезов ауданында вакцина алғандар арасында ұтыс ойыны ойнатылады hdlatestwallpaper.com

Алматының Әуезов ауданындағы екпе алу пункттерінде 29-30 мамыр аралығында ұтыс акциясы басталады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аталмыш науқан Әуезов ауданының 3 нысанында өтеді:

1. «Кар Сити» ТК 9:00-14:00 сағ.

2. «СПУТНИК» СОО сағат 10:00-17:00 бастап

3. «Тигрохауд» СҮ 10:00-17:00 сағ.

Сонымен қатар, ұтыс ойынына қатысқан кез келген тұрғын сыйлықсыз қалмайды.

«Құрметті Әуезов ауданының тұрғындары! Сіздердің назарларыңызға 29-30 мамыр аралығында аудандық вакцинациялау пункттерінде ұтыс акциялары басталатынын хабарлаймыз.

Аталған іс-шаралардың басты мақсаты – тұрғындарды індетке қарсы күрес бойынша алдын алу жұмыстарына ынталандыру. Тұрғындар вакцина алып, бағалы сыйлықтарға ие бола алады.

Тұрғындар вакцинация туралы анықтаманы көрсетіп, ұтыс ойынына қатысуға билет алады. Естеріңізге сала кетейік, ұтысқа қатысқандар сыйлықсыз қалмайды.

Аталған науқан  Әуезов ауданының 3 нысанында өтеді:

1. «Кар Сити» ТК 9:00-14:00 сағ.

2. «СПУТНИК» СОО сағат 10:00-17:00 бастап

3. «Тигрохауд» СҮ 10:00-17:00 сағ», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Әуезов ауданында 24 егу пункті ашылған. Оның кейбіреулері медициналық ұйымдарда: емханаларда орналасқан №6, №10, №15, №16, №18 «Рахат», «ХАК», «Medline», «Медсервисхирургия» жекеменшік медицина орталықтарында.

6 егу пункті «Grand park»,«Asia park», «Спутник», «Car city», «Мәскеу» және «Almaty mall» сауда орталықтарында орналасқан. Қалған 2 егу пункті №123 мектепте және «Үш Сұңқар» тұрғын үй кешенінде орналасқан.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир