|
Мәдениет және шоу-бизнес
15.08.2019 | 15:31

Жыр шумақтарын оқыған Мейрамбек Беспаев көпшілікті тебірентті (видео)

Жыр шумақтарын оқыған Мейрамбек Беспаев көпшілікті тебірентті (видео)

Бесбаевтың видеосын Instagram желісінде Қайрат Нұртас жариялаған.

Тыңдармандар ерекше әрі қайталанбас дауыс иесінің бұл өнеріне тәнті болды.

"Мына өлең күшті екен", "Мейрамбек, шіркін, әсерлі етіп жеткізеді", "Ағамыз мықты, жүректен-жүрекке", "Даусы қандай керемет", "Ерекше ғой бұл кісінің даусы" , "Керемет, қазақтың құнды сөздері санаңды оятады", "Керемет оқу және тебірентерлік", - деп жазды желідегілер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

«А+А idea fabric» продюсерлік орталығының «Фариза» спектаклін сахнаға шығарудағы мақсаты... Ұлылыққа деген құрмет, сыршыл жырларына деген махаббат, оқырманының ыстық ықыласы, адал ниеті. Қазақ халқының маңдайына біткен ақын қызы Фариза Оңғарсынова жүрек түкпірінен төгілген жырларымен, қайраткерлігімен, ерекше тағдырымен дараланды. ⠀ Дара талант ақындығынан асып, құбылысқа айналды. Оның өлеңінен біз көбіне өзін іздейміз. Кейде мұңды махаббаттан шаршаған, кейде отты сезімге шомылған ақын жырларын оқи отырып, өмірін саралаймыз. Өр мінез, текті тәкәппарлық,, қайтпас қайсарлық, оның тағдырын оқытпайды. ⠀ Біз бұл спектакль арқылы ақын Фаризаның жанын ұғынғымыз келді. Оның ұлылығын - өмір ағысына ілеспей, оған қарсы жүзетін қайсарлығынан, ар тазалығынан, кең жүрегінен, махаббатқа адалдығынан іздедік. Сонымен қатар, қойылымды ақынның 80 жылдығына орайластыру ойда болмаса да, межеленген уақыттың соған келіп сәйкестенуі бұл да бір тылсым құбылыс. ⠀ Бағасын беретін құрметті көрермен - Сіз! СІЗДІ Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына 2019 жылдың 5-ші қыркүйегінде «Фариза» спектаклін көруге шақырамыз! ⠀ Бас продюсер және идея авторы: Айнұр Көпбасарова @kopbassarova Пьеса авторы: Роза Мұқанова Қоюшы режиссёр: Фархат Молдағали Композитор: Ренат Гайсин @gaissin Басты рөлдерде: Назгүл Қарабалина @konir01 Қуандық Қыстықбаев @kuandykkystykbai Лейло Бекназар-Ханинга @leilobeknazar60 Ерлан Кәрібаев @erlankaribaev11 Спектакльді дайындауға қатысқандар:Шара Айдарова, Сандуғаш Әбдиева @sanda_abdi , Қуаныш Орынбасаров, Жанат Көкімбеков, Владимир Кошевой, Мадина Баймағамбаева @itsmadisha , Айжан Құрманғалиева @aizha_k , Шынар Омарова @shinaromarova , Ақсұнқар Жарылқасова @zharylkassova ____

МАҚАЛАДА

әнші