|
16.09.2021 | 15:33
1371

Алматы – махаббатқа толы қала, өмірлік жарымды таптым – Серік Ибрагимов

Әнші "Таңғы Studio" бағдарламасында жаңа әнінің тұсауын кесті

Алматы – махаббатқа толы қала, өмірлік жарымды таптым – Серік Ибрагимов Фото: ашық дереккөзден

Әнші Серік Ибрагимов көпшілікке жаңа әнін таныстырды. «Махаббат жоқ» деп аталатын жаңа туындыны Серік Ибрагимов рэпер BIGSHER-мен бірге орындайды. Басқа жанрда өзің сынаған әнші «Алматы» телеарнасының "Таңғы Studio" бағдарламасында жаңа әнінің тұсауын кесті.

«Басты жаңалығымыз  жаңа ән. Бұл әнді Алишер Бурхаовпен бірге орындаймын. Алишерді продюсерім десе де болады. Өмірде ағасымын. 7-8 жыл болды қасымда жүргеніне. Өзі спортшы әрі өнерге жақын адам, бұрыннан рэп оқиды. Жалпы, осы жігітті қолға алып, жаңа қырымызды ашып жатырмыз. Себебі мен бұндай жанрда, бұндай бағытта ән шырқамағанмын. Алғаш рет эфирден «Махаббат жоқ» деп аталатын ән «Алматы» арнасынан танылайын деп тұр», – деді Серік Ибрагимов.

Әнші алматылықтарды Қала күнімен құттықтап, "Алматы – махаббатқа толы қала" деді. 

«Алматы – жүрегіміздің төрінен орын алатын, махаббатқа толы қала. Мысалы, мен өмірлік жарымды осы қаладан тауып, шаңырақ көтердім», – деді ол. 

Бағдарламаны толығырақ төменгі сілтемеден көре аласыздар. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир