|
10.05.2024 | 16:36
686

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанына 400 мыңнан астам адам қатысты

Акция барысында қаланың барлық ауданында 8 205 жасыл желек отырғызылды

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанына 400 мыңнан астам адам қатысты қала әкімдігінің баспасөз қызметі

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанының барлық іс-шарасына қала тұрғындары, экобелсенділер, қоғамдық ұйымдар мен ҮЕҰ өкілдері, мәдениет және спорт қайраткерлері, кәсіпкерлер, белсенді жастар мен еріктілер т.б. 409 203 адам қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көшелерді тазарту жұмыстарымен қоса, науқан барысында қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық құндылықты қалыптастыруға бағытталған көптеген шығармашылық байқау, акция мен іс-шара өткізілді. ҰОС ардагерлеріне, мүгедектерге және жалғыз тұратын зейнеткерлерге көмек көрсетуге бағытталған «Жақыныңа жәрдем бер» акциясы жоғары сұранысқа ие әрі дер кезінде қолға алынған акцияның бірі болды. Акция қорытындысы бойынша 992 ерікті бақ пен аула аумағын тазалап, қоршауды, орындық пен баспалдақты сырлады, 349 көмекке мұқтаж адамның үйіндегі ағашты кесіп, қоқыс шығарды.

«Қоршауыңды /орындығыңды/ беседкаңды боя» акциясы тұрғындар арасында ерекше сұранысқа ие болды, акция аясында алматылықтарға 4 240 л бояу және 590 л еріткіш берілді. Акция үй маңындағы аумақтың эстетикалық мазмұнын және жеке тұрғын үйлердің қоршауын жақсартуға бағытталған. Акцияға қатысқысы келетіндерге лак-бояу материалдары тегін берілді.

«Мерзімі өткен дәрі-дәрмекті тапсыр – табиғатты сақта» акциясы аясында 36 қалалық емханада ашылған қабылдау пунктіне 2 815 дана немесе 76 келіден астам пайдалануға жарамсыз дәрілік препараттар келіп түсті. Акция мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді дұрыс кәдеге жарату және олардың қоршаған ортаға әсері туралы халықтың сауатын арттыруға бағытталған.

2 300 кг қайта өңдеуге арналған материалды тұрғындар сыйлық купонына айырбастау арқылы қайталама шикізатты (пластикалық бөтелке, макулатура, алюминий банка, мөлдір шыны) жинауды ынталандыруға бағытталған «Қоқысты тамаққа айырбаста» акциясы аясында жинады. Барлығы 11 қабылдау пункті жұмылдырылды, акцияға қатысушыларға 1 867 азық-түлік купоны берілді.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында биыл 3 мамырда Арбатта техникалық режимде пластикалық бөтелке мен сусыннан алюминий банкаларды қабылдау бойынша алғашқы фандомат орнатылды. Жиналған қайталама өңделетін шикізатты пайдалы тауарлар өндіретін кәсіпорындарға қайта өңдеуге беріледі. Оның орнына тұрғындар ақшалай түрде бонустар ала алады немесе оларды қайырымдылық мақсатқа бере алады.

Науқан аясында «Таза қасбеттер» акциясы өтіп, ғимараттардың іргелес аумақтары тазаланды, терезелер мен витраждар жуылды, маңдайшалар мен билбордтар ретке келтірілді. Акцияға 1 600-ден астам коммерциялық ұйым – ірі сауда-ойын-сауық орталықтары, бизнес-орталықтар, қонақ үйлер, базарлар, супермаркеттер, дәріханалар, азық-түлік дүкендері және т.б. қатысты.

27 сәуірде қала басшысы, тұрғындар, қоғам қайраткерлері, депутаттар, кәсіпкерлер, кино және шоу-бизнес жұлдыздарының қатысуымен «Алматы – бақ қала» акциясы аясында жаппай ағаш отырғызылды. Акция барысында қаланың барлық ауданында 8 205 жасыл желек, оның ішінде 4 мыңнан астам алма ағашы отырғызылды.

«Таза таулар: қоқыс жинап, түскі асты тегін ал» акциясы барысында қала тұрғындары мен еріктілер Кіші және Үлкен Алматы шатқалдарындағы «Горельник» және «Аюсай» визит орталықтарының аумағына 600 келі қоқыс жинады.

Айта кетейік, «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанына қала мектептері мен жоғары оқу орындарының оқушылары белсенді қатысты. Биыл 11 сәуірде «GreenTech», «CleanTech» және «ClimateTech» номинациялары бойынша үздік стартап-жобаларға байқау басталды, оның қорытындысы бойынша 3 мамырда Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында «Eco Solutions Hackathon» форматында жарыс өтті. 500-ден астам қатысушы инновациялық жобалар мен технологияларды құру үшін командаларда жұмыс істеді. Тағы 500-ге жуық оқушы «Құстарға ұя сыйлайық» челленджіне қатысты. Технология сабағында 1 мыңнан астам ұя дайындалып, мектеп ауласына, саябақтар мен скверлерге орнатылды. Биыл 19 сәуірде барлық жалпы білім беретін мектепте «Мектеп ауласының оазисі» ландшафты дизайн жобалары фестивалі өтті. Фестиваль аясында 5-11 сынып оқушылары 20 мыңнан астам гүл, 430 жеміс ағашы және 200 туя көшеті отырғызылды.

Комьюнити орталықтарда «Әлеуметтік шеберхана», «ЭкоСорт: таза қала үшін бірге», «Батарея тапсыр, табиғатты сақта», «Өмір ағашы: өз ағашыңды отырғыз» жастар акциялары, «Аквариум», «Таза ойындар», «Мұраны сақтау: ескерткіштерді тазалау», «Мейірімге толы ауыл», «1 қаптама пластик = 1 келі алма», «Жақсылық аулалары: ардагерлер мен мұқтаждарға көмек» және т.б. ұйымдастырылды. Жастар ұйымдарының еріктілері мен өкілдерімен бірге 103 мың адамды қамтитын 75 іс-шара өткізілді. Студенттердің күшімен (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЕТУ, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, АЭжБУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Л.Б.Гончаров атындағы ҚазАЖИ, ҚБТУ, АГЭУ, ЕТУ, АТУ, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ) 19 мың шаршы метр аумақ абаттандырылып,  тазартылды.

Науқанды спорттық жүгіру қауымдастығы қолдады. Баум тоғайында 500-ден астам адамның қатысуымен плоггинг жарысы өтті. Шығармашылық топтар мен мәдениет қайраткерлері науқанға бірқатар шығармашылық жобамен үлес қосты.  «Қоқыстан жасалған үздік арт-нысан» байқауына 30-дан астам өтінім келіп түсті. Жүлде қорын демеуші тағайындады, ол шамамен 2 млн теңге. Жеңімпаздардың жұмысы креативті эко-хабта және комьюнити орталықтарда көрсетіледі.

Жалпықалалық науқан «Мусорги» флешмобымен аяқталды. Табиғаттың ластануына бейсаналық көзқарастың салдарын бейнелейтін алматылық суретшілер жасаған қоқыстан жасалған костюмді кейіпкерлер Панфилов көшесімен Арбатқа дейін жүріп өтті. Шара барысында тұрғындарға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров жүгінді. Ол «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанына белсенді қатысқан және қолдау көрсеткен барлық азаматқа, қоғам қайраткеріне және бизнеске алғыс айтып, 8 мамырда ресми түрде аяқталғанына қарамастан, науқан игі істер мен іс-әрекеттерде жалғасып, қала тұрғындары үшін күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналуға тиіс екенін атады.

Оқи отырыңыз: Алматыда «Алматы – біздің ортақ үйіміз» жалпықалалық науқанының қорытындысы шығарылды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир